Ережелер

Әдетте сұралатынның бәрі

Қатысу үшін қанша жаста болу керек?

13 жастан. 18-ге толмағандар ата-анасының жазбаша рұқсатын әкеледі — бланкіні кез келген Foxi нүктесінен аласың. Рұқсатсыз сыйлық берілмейді.

Қаралым қалай саналады?

Видео жарияланғаннан кейін 14 күн бойы. 15-ші күні TikTok-тағы ашық көрсеткіш бекітіледі. Скриншот жарамайды — профильді өзіміз ашып қараймыз.

Бірнеше тапсырма орындауға бола ма?

Иә, шектеу жоқ. Әр видео сыйлыққа жеке есептеледі, рейтингте бәрінің қаралымы қосылады.

TikTok рұқсаты дегеніміз не? Қауіпсіз бе?

Құпия сөзіңді біз мүлдем көрмейміз — рұқсатты TikTok-тың өз бетінде бересің. Біз тек профиліңнің атын және жарияланған видеоларыңның қаралым-лайк санын оқимыз. Жеке хабарламаға да, сенің атыңнан жариялауға да қолжетімі жоқ. Рұқсатты кабинеттен кез келген уақытта кері аласың.

Видеоны кейін өшіруге бола ма?

Сыйлық алғаннан кейін кемінде 30 күн ашық тұруы керек. Ерте өшірілсе, сыйлық қайтарылады.

Бот қаралым сатып алсам ше?

Дисквалификация. Өсу қисығы мен аудитория географиясы тексеріледі — күдікті трафикте өтінім жабылады.

Сыйлықты қалай аламын?

Сусын мен худи — кез келген нүктеден, жеке куәлікпен. Ақшалай сыйлық Kaspi-ға аударылады.

Профилім жабық болса?

Есептелмейді. Жарияланған сәттен бастап профиль де, видео да ашық (public) болуы керек.

Foxi менің видеомды қолдана ма?

Иә, әлеуметтік желілерінде және нүктелердегі экрандарда. Авторлық сенде қалады, есімің көрсетіледі.